Жаңалықтар

Әлемдегі тілі ең ұзын ит АҚШ-тан табылды

Әлемдегі тілі ең ұзын ит АҚШ-тан табылды
Фото: Видеодан алынған кадр 05.06.2023 16:13 977

АҚШ-тың Луизиана штатындағы ит әлемдегі тілі ең ұзын төбет ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Лабрадор мен неміс овчаркасының будандасуынан туған Зоуи есімді иттің тілінің ұзындығы – 12,7 сантиметр. Оны ветеринарлар арнайы құрылғымен өлшеген.

Зоуидің иелері Сэйди мен Дрю Уильямс итті 6 апталық кезінде асырап алғанын айтады. Олар жануардың тілінің ұзын екендігін бірден байқаған.

Бастапқыда біз ит тым кішкентай болған соң тілі ұзын көрінген шығар деп ойладық. Оның тілі әлі де денесіне қарағанда ұзын, - дейді Сэйди Уильямс.

Ерлі-зайыптының айтуынша, Зоуиді көршілері де жақсы көреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға