Жаңалықтар

Әлемдегі ең ықпалды әйел анықталды

Әлемдегі ең ықпалды әйел анықталды
Фото: ©Reuters/Francois LENOIR 06.12.2023 09:04 1214

Forbes нұсқасы бойынша, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен екінші жыл қатарынан әлемдегі ең ықпалды әйел атанып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл лауазымды қызметті 2019 жылдан бері атқаратын неміс саясаткері Еуропа орталық банкінің президенті Кристин Лагардты, АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді артта қалдырды.

65 жастағы фон дер Ляйен – бұл қызметті атқарып жатқан тұңғыш әйел. Бұл ұйым 450 млн астам еуропалықты қамтиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға