Жаңалықтар

Әлемде экономикасы ең мықты елдер анықталды

Әлемде экономикасы ең мықты елдер анықталды
Фото: Bosco Conference 07.05.2023 20:07 2542

Әлемде экономикасы ең мықты он елдің қатарына Ресей қосылып, Оңтүстік Корея бұл тізімнен шығып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дүниежүзілік банк пен Ұлттық статистикалық қызметтердің мәліметтері бойынша, былтыр жалпы ішкі өнімі 25,46 триллион долларды құраған АҚШ бұл тізімде көш бастаған. Екінші орынға Қытай (17,94 триллион доллар), ал үштікке дәстүрлі түрде Жапония (4,17 триллион) жайғасты.

Тізімде Германия төртінші (4,07 триллион) орын алса, бесінші сатыда Үндістан (3,4 триллион) тұр. Ұлыбритания алтыншы орнын (3,07 триллион) сақтап қалса, Франция жетінші (2,78 триллион) сатыға тұрақтаған.

2022 жыл қорытындысы бойынша Ресей (2,05 триллион доллар) 2014 жылдан бері алғаш рет үздік ондықтан көрініп, 8-орынға көтерілді.

Канадаға (2,14 триллион доллар) – тоғызыншы, Италияға (2,01 триллион) оныншы орын бұйырды. Ал Оңтүстік Корея үш саты төмендепп, 13-орынға жайғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға