ҰОК баспасөз қызметі

Әлем кубогы:  Сабыржан Аққалықов чемпион атанды

07.07.2025 03:36 7204

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті. Финалда Сабыржан Аққалықов болгариялық Рами Киванмен шеберлік байқасқан болатын.
 
Қазақстандық боксшы жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Сабыржан Аққалықов чемпион атанды.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 кг), Надежда Рябец (75 кг), Елдана Талипова (+80 кг) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) финалда есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болған еді.