ҰОК баспасөз қызметі

Әлем кубогы: Надежда Рябец финалда есе жіберді

06.07.2025 21:45 6768

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында норвегиялық Суннива Хофстадпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Норвегия боксшысы жеңіске жетті.

Осылайша, Надежда Рябец (75 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем кубогының күміс жүлдегері атанған болатын.