Әлем кубогы кезеңі: бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?

 Сали Сабыров
Фото: Сали Сабыров

Бразилияда World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Бүгін ел құрамасы атынан сегіз боксшы өнер көрсетеді. 

Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бәсеке 26 сәуір күні аяқталады. Бүгін ширек финал жекпе-жектері басталады. Күндізгі сессия 19:00-де басталса, кешкі сессия  01:00-де өтеді. 

Күндізгі сессия

60 келі. Виктория Графеева - Мари ал Ахмади (Канада)

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Наби Исгандаров (Әзербайжан)

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карусо (Италия)

Кешкі сессия

65 келі. Аида Әбікеева - Доуа Закки (Марокко)

80 келі. Диас Молжігітов - Оладимеджи Шитту (Англия)

51 келі. Алуа Балқыбекова - Дайана Мурхауз (Ирландия)

50 келі. Даниял Сәбит - Иссам Бенсаяр (Марокко)

75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)

Айта кетерлігі, бұдан бұрын, 23 сәуірде Алуа Балқыбекова (51 келі) мен Аида Әбікеева (65 келі) келесі кезеңге жолдама алса, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) қарсыласына есе жіберді. Ал 22 сәуірде Виктория Графеева (60 келі), Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов (80 келі) ширек финалға өтсе, Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) жарыс жолынан шықты. 

 

Оқи отырыңыз