Жаңалықтар

Әлем кубогінде ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр
Әлем кубогінде ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
Фото: prosports.kz 12.02.2023 19:50 907

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы əйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ.

Айта кетейік, былтыр Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған.

Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған. Қазір Ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар. Дүние жүзінің байрақты додасы бүгін аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға