Жаңалықтар

Әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті

12 жыл ішінде әлем халқының саны 1 млрд-қа өсті
Әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті
Фото: Yuichi Yamazaki / Getty Images 15.11.2022 14:44 6196

Жер тұрғындарының саны 8 миллиард адамнан асты, деп хабарлайды El.kz БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 жыл ішінде планета халқының 1 млрд-қа өсуі байқалды. Адамзат 2030 жылға қарай 8,5 млрд — қа, ал 2080 жылға қарай 10,4 млрд — қа жетеді деп болжануда.

Соңғы 200 жылда Жер халқының саны сегіз есеге өсті. Мәселен, мысалы, егер 1900 жылдардың басында планетада небәрі 1,6 миллиард адам болса, 2000 жылдардың басында 6 миллиард адам болса, ал 2011 жылы 7 миллиард адам болды. Мұндай қарқынды өсу медицинаның дамуымен, санитария саласындағы жетістіктермен, ауыз суға қол жетімділіктің кеңеюімен, вакцинацияны кеңінен қамтумен түсіндіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға