Жаңалықтар

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 28.03.2023 13:07 1828

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Делидегі әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан елордалық спортшылар елге оралды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатынде ел намысын қорғаған елордалық Лəззат Күнгейбаева, Валентина Хальзова, Рима Волосенко мен Аида Әбікееваны әуежайдан туыстары, достары мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және өзгеде мекеме қызметкерлері ыстық ықыласпен күтіп алды.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

«Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет», - деп айтты Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылар барлығы 6 – 2 күміс пен 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шет елдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында Делиде соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы елордалық (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен күш сынасып, тәжірибелі қарсыласына есе жіберді. Осы салмақтағы басты фавориттің бірімен кездескеніне қарамастан отандасымыз жарқын жекпе-жек көрсетті. Айта кетейік, Лəззат 2016 жылы əлем чемпионатында топ жарған.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күміс медальді Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған. Төрт спортшымыз – Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы әлем чемпионатында осыған дейін мұнша медаль жеңіп алмаған еді.

Жалпы есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орында (3 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үздік үштікті Ресей түйіндеді (1/1/1). Ал біздің құрама 8-сатыда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға