Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілер анықталды

 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Теннистен әйелдер арасындағы командалық Билли Джин Кинг кубогында өнер көрсететін Қазақстанның құрамы анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл матч 18 қыркүйекке жоспарланған.

Финалдық кезеңде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы:

- Елена Рыбакина

- Юлия Путинцева

- Зарина Дияс

- Анна Данилина

- Жібек Құламбаева

Капитан: Юрий Щукин

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз