Әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалында сынға түседі

 ҰОК баспасөз қызметі
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтаған болатын. 

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

Бүгін күндізгі сессияда әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 кг) финалға шыққан болатын. Сондай-ақ, кеше Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да финалдық кезеңге жолдама алды. 

Оқи отырыңыз