Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары кімдер?

 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық сегіз боксшы Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing 2025 әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары мен жекпе-жек кестесін ұсынамыз (уақыты – Астана уақытымен):

12 қыркүйек

19:00. Әйелдер, 60 кг, жартылай финал – Виктория Графеева – Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

22:30. Әйелдер, 65 кг, жартылай финал – Аида Әбікеева – Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)

23:15. Әйелдер, +80 кг, жартылай финал – Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша)

01:15. Ерлер, +90 кг, жартылай финал – Айбек Оралбай – Хулио Сезар ла Крус (Куба)

13 қыркүйек

18:00. Ерлер, 55 кг, жартылай финал – Сабырхан Махмұд – Лю Чуан (Қытай)

22:15. Әйелдер, 51 кг, жартылай финал – Алуа Балқыбекова – Ци Синью (Қытай)

22:45. Ерлер, 70 кг, жартылай финал – Төрехан Сабырхан – Одель Камара (Англия)

23:15. Әйелдер, 70 кг, жартылай финал – Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия)

Айта кетейік, тағы екі қазақстандық боксшы ширек финалда жұдырықтасады. 12 қыркүйекте Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Тәшкенбай (50 кг) рингке шығады.

Оқи отырыңыз