Жаңалықтар

Әлем чемпионаты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасында

«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбековпен сұхбат
Әлем чемпионаты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасында
Фото: kff.kz 19.11.2022 17:50 2376

Футбол спортының жанкүйерлері 20 қарашаны асыға күтуде. Өйткені, дәл осы күні футболдан Әлем чемпионаты басталады. Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеде 32 елдің құрамасы бақ сынайтын болады. FIFA мәліметіне сүйенсек осы жолғы Катардағы әлем кубогінің жүлде қоры - 440 миллион доллар екен. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Осыған орай «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбековті әңгімеге тартқан едік. 

- Нағи Қалтайұлы, Қатарда өтетін байрақты доданы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсету бақыты бұйырған екен. Дайындық жұмыстары қалай? Әңгімені осыдан бастайықшы.

- «Қазақстан» РТРК» АҚ   әлемдік деңгейдегі маңызы зор беделді футбол  чемпионатын Қазақстан аумағына тарату құқығына бұған дейін де ие болып келген. Яғни, тәжиребе бар. Дегенмен, әрбір өтетін чемпионат жан-жақты дайындықты қажет етеді. Қатарда өтетін осы байрақты доданы да өз деңгейінде өткіземіз деген сенімдеміз. Тікелей эфир  студиялары, іріктелген, сайдың тасындай 14 комментатор мен футбол тақырыбындағы бағдарламаларды жүргізетін редакторларды дайындап қойдық. Футболға қатысты бағдарламаларға осы саланың мамандары, сарапшылар және танымал қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлап отырмыз. Басты мақсат 64 матчты екі арнада тікелей эфирде көрсету. Өтетін кездесулер жайлы сараптамалар жасалады. Қазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шығамыз деген ойдамыз.

- Нағи Қалтайұлы, осы жолғы әлем чемпионатына қай елдер жолдама ала алмай қалды?

- 2020 жылы Еуропа чемпионы атанған Италия Қатардағы байрақты додаға жолдама иеленген жоқ. Бұл өзі қызық жағдай. Біз футбол десек, алдымен ата аталатын елдердің бірі осы Италия  Еуропа аумағында өткен іріктеудің топтық кезеңінде Швейцарияға ұпай жіберді. Қошымша іріктеуде де бағы жанбады. Солтүстік Македониядын жеңіліп қалды. Қатар әлем біріншілігінде Норвегия, Түркия, Венгерия, Грекия командасын да көре аламайтын боламыз. Бұл додаға Ресей футболшылары да қатыса алмайды. Өйткені, FIFA Ресейдің Украинаға соғыс ашуыған байланысты осы елдің құрамасын әлем чемпионатының іріктеуінен шеттетіп тастағанды. Африка құрлығындағы Нигерия, Алжир футболшылары да жолдамадан тыс қалды. Қытай командасы да өтпеді. Қатарға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы да бақ сынап көрді. Өкінішке қарай, жолдама ала алмадық.

- Енді, көптің көкейінге тағы бір сұрақ. Қазақ футболшыларын әлем аренасында қашан көруіміз мүмкін?

- Біздің Қазақтан ұлттық құрамасы биыл ұлттар лигасындағы «С» тобында жеңіске жетіп, «Б» тобына жолдама алды. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ұлттар лигасындағы «плей-офф» деңгейіне өтті. Дегенмен, әлі де біраз жұмыс жасалу керек. Дәл қазір біз мына жылы Еуропа, немесе әлем чемпионатына жолдама аламыз деп айта алмаймын. Бір қана мақсат бар, елімізде мықты футболшы дайындаймыз десек, балаларға арналған спорт мектептерінің жұмыс жақсартуымыз керек. Мықты бапкерлер тарту қажет. Дегенмен, үмітсіз емеспіз. Қазір қазақ футболында нәтиже бар.

Әңгімеңізге рақмет. «Qazaqstan» және «Qazsport»  футбол жанкүйерлеріне тамаша тарту жасап отырсыздар. Қазақстандық жанкүйерлер  Қатарда өтетін әлем чемпионатының матчтарын өзге емес, өз телеарнасында көре алады. Бұл қуаныш.  Ендеше сіздерге сәттілік тілейміз, ал футбол жанкүйерлеріне «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары қосулы болсын дейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға