Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: хоккейден Қазақстан құрамасының топтағы орны анықталды

Әлем чемпионаты: хоккейден Қазақстан құрамасының топтағы орны анықталды
Фото: ҚХФ баспасөз қызметі 24.05.2023 09:38 568

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы матчтары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Латвия құрамасы соңғы ойында Швейцария командасын ұтып (4:3 ОТ), Канада, Чехия құрамаларымен бірге плей-оффта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Турнирлік кесте мынадай:

Швейцария – 19, Канада – 15, Латвия – 13, Чехия – 13, Словакия – 11, Қазақстан – 7, Норвегия – 6, Словения – 0.

Қазақстан бұл біріншілікте жеті ойын өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Алдымен Норвегия құрамасын буллитте 4:3 есебімен ұтса, Словакиядан да буллитте басым түсті – 4:3. Ал соңғы ойында Словенияның осал тұсын тапты – 4:3.  Одан қалды Чехиядан – 1:5, Швейцариядан – 0:5, Канададан – 1:5, Латвия – 0:7 есебімен ұтылды.

А тобында плей-оффқа мына құрамалар шықты: АҚШ, Швеция, Финляндия және Германия, ал В Швейцария, Канада, Чехия және Латвия бар.

Ойындар:

Швейцария — Германия

США — Чехия

Канада — Финляндия

Швеция — Латвия

Барлық матч 25 мамырда өтеді, басталуы – 19:20 және 23:20 (Астана уақытымен).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға