Әлем чемпионаты: бүгін қай құрамалар бақ сынайды?

 offside.kz
Фото: offside.kz

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын бастайды. Олардан бөлек К тобында Португалия, Конго ДР, Колумбия бар. Криштиану Роналдудың  алтыншы рет мундиальда өнер көрсететіні тағы бар. 

  • 22:00.  Португалия – Конго ДР 
    01:00.  Англия – Хорватия
  • 04:00.  Гана – Панама 
  • 07:00.  Өзбекстан – Колумбия 

І тобындағы жағдай

Әлем чемпионаты қыза түсті. I тобындағы жағдай былайша өрбіді. Франция мен Сенегал кездесіп, кәрі құрлық өкілдері басым түсті. Екі құрамада да тәжірибелі ойыншылар жетерлік. Ойында 3:1 есебі тіркелді. Франция сапынан Килиан Мбаппе (66, 90+) мен Брэди Баркола (82) гол соқты. Сенегалдық Ибрагим Мбайе 95 минутта Меньянның қақпасын дәл көздеді. 

Ал Норвегия мен Ирак құрамалары арасындағы ойын тек нәтижемен ғана емес, норвегтердің ерекше перфомансымен есте қалды. Норвегия жанкүйерлері викингтер мундиальға келгенін еске салып, ескек есіп отырған қайықшының кейпін қайталады. Есеп 4:1 есебімен норвегиялықтардың пайдасына шешілді. Эрлинг Холанд дубль жасаса, Лео Эстигорд гол соқты. қызығы сол, Ирак өкілі Айман Хуссейн 39 минутта есепті теңестіргенімен, 96 минутта автогол салды. 

Осылайша, І тобында Норвегия көш бастап тұр. Одан кейін Франция, Сенегал, Ирак тұр. 

Месси әлем чемпионы атағын қорғауға барын салады

Одан кейін J тобындағы кездесулер басталды. Алдымен Аргентина мен Алжир арасындағы ойынды тамашаладық. Жай ғана қарап отырмай, тарих жаңарып жатқанына куә болдық. Неге десеңіз, Лионель Месси хет-трик жасап, Әлем кубогындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде 16 гол соққан германиялық Мирослав Клоземен теңесті. Әгәрәки, келесі матчта гол соғар болса, рекорд жасайды. 

Сөйтіп, Скалони шәкірттері биыл бос келмегенін, әлем чемпионатына әркімнің таласы барын дәлелдеді. J тобында көш бастады. Бір аптадан кейін 39 жасқа толатын атақты сұрмерген өзінің әлі де бабында жүргенін көрсетті. Мүмкіндік болса, турнирдің үздік ойыншысы, сұрмергені, чемпионы атағына үміткер болуға жарап тұрғанын нұсқады. 

Одан кейін Аустрия мен Иордания арасындағы матч басталды. Аустрия сапынан Романо Шмид, Язана Аль-Араба, Марко Арнаутович көзге түсті. Иорданиядан Али Олван қарсылас қақпасына гол соқты. Көргеніңіздей, Аустрия қиналған жоқ, қайта топтағы бәсеке қыза түсетінін көрсетті. 

Оқи отырыңыз