Әлем чемпионаты: Боксшы Наталья Богданова алғашқы кездесуде жеңіске жетті

 ҰОК баспасөз қызметі
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті. Наталья Богданова бұл кезеңде үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қыспаққа алып, нокдаунға жіберді.

Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алып отыр. 

Бүгінгі күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова (57 кг) Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласынан басым түсті

Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті. 

Оқи отырыңыз