Жаңалықтар

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Президент Іс Басқарушысының бұйрығы шықты
Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
Фото: almaty.tv 31.10.2022 18:11 1929

Президент Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы. 

Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, «Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы,  Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға