Жаңалықтар

Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 23.06.2023 14:33 956

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі австралиялықтар Эндрю Харрис – Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен шеберлік байқасты.

Недовесов – Эскобар 6:4, 3:6, 10:4 есебімен жеңді.

Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс – Йорис де Лоремен кездесті.

Бірінші партияда бельгиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3).

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-эквадорлық жұп брейк жасап, сосын өз геймдерін алды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 10:5.

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда доданың 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға