Жаңалықтар

Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты

Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты
Фото: ҚР теннис федерациясы 17.06.2023 16:51 474

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.

Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа келген жоқ.

Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға