Жаңалықтар

Александр Бублик Римдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті

Александр Бублик Римдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 09.05.2024 23:10 338

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (АТР-ның 17-ші нөмірі) Римде (Италия) өтіп жатқан Masters турнирінде алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық теннисші Бен Шелтонмен жұптық сында Александр Бублик канадалық-америкалық дуэт Феликс Ожер-Алиассиме мен Фрэнсис Тиафоға қарсы ойнап, үш сетте 6:1, 6:7, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Ойын 1 сағат 30 минутқа созылып, 1/16 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 1/8 финалда Бублик пен Шелтон Остин Крайчек - Нил Скупски кездесуінің жеңімпазы Марсело Мело - Александр Зверев жұбымен ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға