Жаңалықтар

Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымында сынға түседі

Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымында сынға түседі
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі 13.05.2023 15:19 773

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасап, Бублик 4:2 есебімен алға шықты. Сосын сол басымдылығын сақтап қалды - 6:4. Екінші сетте америкалық теннисші қос брейк жасады - 6:1. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасай білді. Матчты тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Бублик 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. 

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Рууд немесе рейтингте 89-сатыдағы франциялық Артур Риндеркнехтің біреуімен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға