Теннис федерациясы

Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

20.06.2025 03:14 11864

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Александр Бублик турнирдің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді  3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Әлемнің көшбасшы теннисшісінен басым түскен отандасымыз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачпен бақ сынайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аталған турнирдің ширек финалына жолдама алған болатын.