Жаңалықтар

Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 21.10.2023 23:18 414

Әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Александр Бублик финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 38-сатыдағы франциялық Артюр Фистің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға