Жаңалықтар

Александр Бублик АТР-250 турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Александр Бублик АТР-250 турнирінде екінші рет жеңіске жетті
Фото: olympic.kz 05.02.2024 08:37 456

Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен бетпе-бет келді. Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді.

Қарсыласынан бір жас кішілігі бар Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, өткен жылы Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған болатын. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7. Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3.

Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға