Жаңалықтар

Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына өтті

Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына өтті
Фото: ҚР теннис федерациясы 08.07.2023 11:21 761

Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасып көрді.

Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті - 6:1 есебімен аяқталды. 

Ал үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз 10 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды. 

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффен жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға