Жаңалықтар

Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылмақ

Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылмақ
Фото: © Pixabay.com 12.12.2023 11:17 1150

Бұл туралы мемлекет басшысы «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанатында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек, – деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы сапалы жол дегеніміз ел экономикасының күретамыры екенін тілге тиек етті.

Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық. Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға