Жаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 27, 28, 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: aikyn.kz 26.10.2022 16:07 4678

27 қазанда солтүстікте, 27-28 қазанда шығыста жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды El.kz

Аптаның ортасында батыс өңірлерге, кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ауысады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

28 қазаннан бастап елдің батысына циклон жырасына байланысты жауын-шашын жауады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ пен тұман болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға