Жаңалықтар

Алдағы уақытта елімізде 43°С дейін ыстық болады

Алдағы уақытта елімізде 43°С дейін ыстық болады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 31.05.2023 16:15 481

Қазақстанда 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа температурасы +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте +37+43°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+дейін ыстық болады.

Еліміздің барлық өңірінде жаз басталып келеді. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын антициклон айқындайды. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, - делінген Қазгидромет ұсынған хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға