Жаңалықтар

Алдағы сайлау бұрынғылардан өзгерек - Азаматхан Әміртай

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына «Байтақ» партиясы қатысады
Алдағы сайлау бұрынғылардан өзгерек - Азаматхан Әміртай
Фото: @amirtayazamatkhan 21.01.2023 13:55 1004

Бұл туралы «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

"Сонымен былтыр күзден бері ел арасында айтылып жүрген жайт, ақиқатқа айналды. Кеше Мемлекет басшысы Тоқаевтың арнайы шешімімен парламенттің Мәжілісі және барлық мәслихат жұмысын тоқтатты. Яғни тарады. Кезектен тыс Мәжіліс һәм мәслихат сайлауы алдағы наурыздың 19 жұлдызына белгіленді. Дұрыс. Бұл да бір Жаңа Қазақстан құру жолындағы саяси реформаның бір тармағы. Жаңа Қазақстанға жаңа депутаттармен, жаңа партиялардың саясатқа араласуымен барған жөн. Дұрыс қадам! Алдағы сайлау бұрынғылардан өзгерек. Қазіргі жағдайға байланысты, алдағы сайлау аралас партиялық-мажоритарлық жүйе бойынша өтпек. Сондай-ақ, Қазақстан халық ассамблеясы мәжіліске депутаттар ұсынбайды", - деп жазды Азаматхан Әміртай.

Оның атап өтуінше, сайлау додасына елімізде тіркелген жеті партия: «Аманат», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл», «Байтақ» және «Respublica» түспек.

"Осы орайда біз Байтақтықтар да осы аламан бәсекеде өз бағымызды сынап, парламентке өтуге тырыспақпыз. Рас, елімізде экология мәселесі ақсап жатыр. Жағдай сын көтермейді. Сондықтан түйіні мол экология мәселелерін парламент мінберінен көтермек ойдамыз", - деп жазды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға