Жаңалықтар

Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі

Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі
15.05.2024 17:15 474

Алдағы үш күндегі ауа райын оңтүстік циклон анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16-18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

16-18 мамыр аралығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстігінде мұндай ауа райы бүкіл кезең бойы, шығыста – басында, оңтүстік-батыста – ортасынан, солтүстік-батыста – соңына қарай болады.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығысында 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндіз +18...+25 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

Солтүстік пен солтүстік-шығыстың кейбір аудандарында түнде теріс температура сақталады, оңтүстік-батыс ағынының арқасында температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға