Алдағы күндері елімізде ауа райы қалай болады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
05.11.2024 08:27
406
"Қазгидромет" Қазақстанда 5-7 қараша күндері аралығында ауа райының қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн салқындап, жаңбырдың соңы қар жаууға ұласуы мүмкін.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, екпінді жел тұрып, тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет".
Ал 5 қарашада батыс өңірде, 6 қарашада солтүстікте, 6-7 қарашада шығыста, оңтүстік, оңтүстік- шығысында қатты жауын-шашын түсуі ықтимал. 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды
Келесі жаңалық
Қазақстанға тоғыз айда 11,5 млн шетелдік турист келген