Жаңалықтар

Алдағы күндері аяз күшейеді

Бас қаладан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Алдағы күндері аяз күшейеді
Фото: pixabay 27.11.2022 11:10 2101

Елордада да қалың қар жауып, күн күрт суытты. Жерге мұз қатып, жолдар көк тайғаққа айналды, деп хабарлайды El.kz

Қазір көшелерде қызу жұмыс жүріп жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 2 жарым мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан аса техника жұмылдырылды. Ал мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ескеруге кеңес береді. Себебі, алдағы күндері аяз күшейеді дейді «Қазгидромет» мамандары.

Жауаптылардың айтуынша, бүгін түнде қаладағы комуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылған. 500-ге жуық рейс жасалған. Мамандар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қар тазалауға жұмылдырылған жұмысшылар күні-түні көшелерді тазалап жатыр. Сондай-ақ, көшедегі мұзды ойып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыла жұмыс істеуде.

Айта кетейік, соңғы аптада бас қаладан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл -15 мыңнан астам ауыр жүк көлігі. Синоптиктер алдағы күндері аяз күшейеді дейді. Сондықтан тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға