Жаңалықтар

Алдағы күндері +43 градусқа дейін күн ысиды

Алдағы күндері +43 градусқа дейін күн ысиды
Фото: ©pixabay.com 06.06.2024 13:25 505

«Қазгидромет» РМК 6-8 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бірқатар өңірде жаңбыр жауады, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда шығыста найзағай ойнап, жел соғып, қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

Елдің оңтүстігінде +35+43 градусқа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығыста +35+40 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр. Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38 градус болады, 8 маусымнан бастап +25+30 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта күндіз +22+30 градустан +20+25 градусқа дейін аздап төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға