Жаңалықтар

Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

09.06.2025 15:14 1859
Алдағы күндері 37 градус ыстық күтіледі

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстік циклонның әсері байқалады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті процестердің дамуын қамтамасыз етеді.10 маусымда оңтүстікте, 11 маусымда солтүстік-батыста, 12 маусымда елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Оқи отырыңыздар:

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жоғарылайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға