Жаңалықтар

Алдағы күндері 24 градусқа дейін күн жылынады

Алдағы күндері 24 градусқа дейін күн жылынады
Фото: © El.kz 15.11.2023 17:04 723

Синоптиктер 16-18 қараша күндері ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.

«Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады»,  делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға