Алдағы екі күнде еліміздегі мегаполистерде ауа райы қалай құбылады?

Алдағы екі күнде еліміздегі мегаполистерде ауа райы қалай құбылады?
Фото: pixabay.com

17 және 18 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады. Оңтүстікте аптап ыстық сақталса, елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал күндіз сынап бағаны аздап төмендейді, деп хабарлайды El.kz.

Астана

17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, күндіз 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +20...+22°C.

18 тамыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, күндіз 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.

Алматы

17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +31...+33°C.

18 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы күндіз: +31...+33°C.

Шымкент

17 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +33...+35°C.

18 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +34...+36°C.

Оқи отырыңыз