Жаңалықтар

Алдағы бес жылда еліміздегі ауылдарда 655 медициналық нысан, 183 мектеп салынады

Алдағы бес жылда еліміздегі ауылдарда 655 медициналық нысан, 183 мектеп салынады
Фото: El.kz 05.06.2023 17:50 564

2027 жылға қарай ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау нысаны, 183 мектеп пен 100 спорт ғимараты пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ашық НҚА порталында жарияланған ауылдық аумақтарды дамытудың 5 жылдық тұжырымдамасын іске асыру аясында күтілетін нәтижелер көрсетілген. Атап айтқанда, елді мекендердің әлемеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың нәтижесінде 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымы жаңғыртылады.

2027 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау нысаны, 183 мектеп және 100 спорт ғимараты пайдалануға беріледі. Осы аралықта 650 мәдениет нысаны салынып, жөнделеді. Даму әлеуеті бар 3,5 мың ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүреді. Елді мекендердегі өмір сүру ұзақтығын 73,5 жасқа жеткізу көзделеді. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 70,8 жас болған, - делінген тұжырымдама жобасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға