Жаңалықтар

Алдағы айларда су тасқыны болу қаупі жоғары

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Алдағы айларда су тасқыны болу қаупі жоғары
Фото: Үкімет 24.01.2023 11:31 1109

Ақпан және наурыз айларында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда, су тасқыны болу ықтималы жоғары. Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова осыған қатысты дайындықты пысықтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, таулы аймақтардағы қардың мөлшері 2023 жылғы ақпанның басында алдын ала гидрологиялық болжамда ұсынылмақ.

«Алдын ала болжам бойынша ақпан айында республиканың басым бөлігіндегі ауа температурасы климаттық нормаға жақын. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді. Қаупі жоғары Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Ал орташа тәуекелді өңірлер Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік және жергілікті органдар су тасқынына алдын-ала дайындық жасауы қажет», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға