Жаңалықтар

Алдағы аптада басқа дисциплиналар бойынша лицензия саны нақтылануы мүмкін – ҰОК

Алдағы аптада басқа дисциплиналар бойынша лицензия саны нақтылануы мүмкін – ҰОК
26.01.2022 16:36 1726

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында еліміздегі ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков хабарлады. Оның айтуынша, Ақ Олимпиада Қытайдың үш спорттық кластерінде өтеді.

4 және 20 ақпан аралығында Қытайда түндігі түрілетін XXIV қысқы Олимпиада ойындары үш спорттық кластер – Бейжің, Чжанцзякоу мен Яньцинде өтеді. Алдын ала деректер бойынша әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 15 түрі бойынша 109 медаль жиынтығына таласады. Қытайға баратын ұлттық олимпиада командасының құрамында 34 спортшы бар, - деп атап өтті ҰОК бас хатшысы.

Сонымен қатар ол алдағы аптада өзге дисциплиналар бойынша берілетін лицензиялардың нақты саны белгілі болады деп отыр.

Барлығы 87 лицензияны жеңіп алдық. Алдағы аптаның ішінде басқа дисциплина бойынша лицензияның нақтылануы мүмкін деп күтілуде, - деді Андрей Крюков.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Кореяда өткен Олимпиада ойындарына команда құрамында 46 спортшы қатысты. Ол лицензиялар 91 дисциплина бойынша қамтылған.

baq.kz

https://baq.kz/aldagy-aptada-basqa-distsiplinalar-boyynsha-litsenziya-sany-naqtylanuy-mumkin-uok_270019/


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға