Жаңалықтар

Алдағы күндері елдің солтүстігінде қар жауып, күн суытады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Алдағы күндері елдің солтүстігінде қар жауып, күн суытады
Фото: sn.kz 26.09.2022 17:00 719

Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан суық антициклон келеді, деп хабарлайды El.kz

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Көктайғақ, тұман және ауа температурасының минусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Желдің күшеюі болжанады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Ал республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы 15-23 градусқа дейін жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға