Жаңалықтар

Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атына миллион теңгеге несие рәсімдеген

Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атына миллион теңгеге несие рәсімдеген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.08.2023 17:37 801

Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атына миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның дерегінше, 29 шілде күні Астрахан ауданының полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы аймақтағы ауылдардың бірінің 63 жастағы тұрғыны өтініш білдірген. Әйел өзінің ұялы телефонына өзін Банк менеджері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалғанын хабарлаған. Телефон арқылы сөйлесу барысында “менеджер” оған Kaspi банкінде несие ресімделгенін айтқан, ал өтініш беруші оның осы банкте шоты жоқ екендігін түсіндірген.

Содан кейін күдікті әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, зейнеткерді болашақта бұған жол бермеу үшін белгілі бір манипуляциялар жасау керек және телефонға RustDesk қашықтан қол жеткізу қосымшасын жүктеу керек деп сендірген. Белгіленген бағдарламадан алаяқ әйелдің жеке кабинетіне қол жеткізе отырып оған HomeBank-тің жеке кабинетінде 1 млн 41 мың теңге сомасында кредит ресімдеген.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға