Жаңалықтар

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарламалар таратуда

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарламалар таратуда
Фото: ©El.kz 16.04.2024 10:21 392

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мессенджерлерде тарап жатқан жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр өзінің атынан келіп жатқан хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде.

Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Балаева.

Бұған дейін Антикор басшылығы мен Үкімет мүшелерінің аттарынан да жалған хабарламалар таратылғаны туралы жазғанбыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға