Жаңалықтар

Алаяққа сенген тараздық тұрғын 16 млн теңгесінен қағылды

Алаяққа сенген тараздық тұрғын 16 млн теңгесінен қағылды
Фото: © Polisia.kz 15.08.2023 13:19 910

Тараз полицейлері жергілікті тұрғынға өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, 16 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараздық тұрғынның бір жыл бойы пәтерін жалға алып, өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы сеніміне кірген азамат ақша ұрлаған.  Сонымен бірге, ол ұлын мемлекеттік қызметке орналастыруға және сот ісін жүргізуге көмектесуге уәде берген. Келтірілген шығын 15 936 930 теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе осы құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға