Жаңалықтар

Алаяқ ақмолалыққа 14 млн теңгеге несие рәсімдеуге көмектесуді уәде еткен

Бұл туралы polisia.kz сайты жариялады
Алаяқ ақмолалыққа 14 млн теңгеге несие рәсімдеуге көмектесуді уәде еткен
Фото: Polisia.kz 16.08.2022 20:21 843

Алаяқ ақмолалыққа 14 млн теңгеге несие рәсімдеуге көмектесуді уәде еткен, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 тамызда Целиноград аудандық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын өтініш берді. Жәбірленушінің айтуынша, ол WhatsApp әлеуметтік желісіндегі чаттардың бірінде авторы сыйақы үшін несие алуға өтінімді мақұлдауға жүз пайыз уәде беретін хабарландыруға тап болған.

 Белгісіз ер адаммен хабарласқан жәбірленуші 14 млн теңге сомасына банктік несиені кедергісіз рәсімдеу туралы уағдаласқан және ер адамға қызметі үшін 150 мың теңге сомасында қаражат аударған. Ақшаны алған қаскөй телефонын өшіріп тастаған. 

Целиноград АПБ аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Павлодар облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға