Жаңалықтар

"Алатау": Қазақстанда тағы бір жаңа қала құрылады

"Алатау": Қазақстанда тағы бір жаңа қала құрылады
Фото: zhardem.kz 16.11.2023 09:32 669

Алматы облысында Алатау қаласы құрылады. Облысқа қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға «Алатау» атауы берілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын, - делінген президенттің қарауына жіберілетін құжатта.

Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілмек. Жарлыққа президент қол қойып, алғаш ресми жариялаған соң, қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға