Жаңалықтар

«Алатау» ансамблі Аустрияда өткен «Villacher Kirchtag» фестивалінде өнер көрсетті

«Алатау» ансамблі Аустрияда өткен «Villacher Kirchtag» фестивалінде өнер көрсетті
Фото: gov.kz 06.08.2023 19:03 724

Фестиваль Аустрия мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Филлах қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылдың 4-6 тамыз аралығында «Villacher Kirchtag» атты дәстүрлі фестивальге К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қатысты.  

Фестивальде Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, әншілер, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Омаров өнер көрсетті. Фестивальді 100 000 адам тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаздар қатысты. 

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Бақаев Әлібек Әсетұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры Сейітқасым Түктібаевқа Алғыс білдіріп, өнерпаздарды да марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға