Жаңалықтар

Алат кешенінің зерттелуі

Еуразиялық металлургиялық ошақтардың саны қанша?
Алат кешенінің зерттелуі
30.09.2021 19:44 5264

Қойнауы сан мыңдаған металдар мен байлық кеніне толы қазақ даласы өткен ғасырлардан бері әлі зерттеліп келе жатыр. Ұлы Даланың осынау дархан жеріндегі кен ошақтары негізінен Орталық Қазақстанда орналасқан. Бүгін біз сырын ақтаратын Алат металлургиялық кені де аталған өлкеде. Осы орайда археолог-ғалым С. Жауымбаев еңбегіне негізделген Алат кешені туралы материалды назарларыңызға ұсынбақпыз.

photo5380037891268396809.jpg

Жайық өзенінен бастап Енисей өзеніне дейінгі дала мен орманды даланы қамтитын андроновтық мәдени-тарихи бірлестігі аумағындағы ең көп қорымдар мен ең бай қоныстар Орталық Қазақстанда орналасқан. Яғни, аймақ тұрғындарының сан жағынан көп, ал орналасу тығыздығы жоғарырақ болды. Бірақ, бұл өңір шектес аумақтарға қарағанда, орманды дала аймағы туралы айтпағанда, табиғи жағдайлар бойынша негізгі сала – мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы емес еді, ал егіншілікпен айналысудың тиімсіз немесе ірі түйіршікті және ұсақталған топырақтарда, сондай-ақ құрғақ дала, жартылай шөлейт және шөлейт аудандарда мүмкін емес екендігі туралы тіпті сөз болмайды.

Б.з.д. II мыңжылдықта Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалардың металлургтерімен толық көлемде іске қосылған бай мыс кенінің шикізат базасы олардың гүлденуі мен байлығының көзі болып табылады. Мыс пен қола өңір ішінде және одан да тыс жерлерде сұранысқа ие болды. Сұраныс ұсынысты туғызады – табиғи қасиеттері бар тауар алмасу көне заманда пайда болған айырбастың негізгі қағидасы. Б.з.д. II мыңжылдықтан бастап аймақ тайпаларының мұндай бірінші дәрежелі тауары металл, бірінші кезекте мыс, қола, темір, күміс және олардан жасалған бұйымдар болды.

Қазақстан тау-кен металлургиялық облысы кіретін Еуразиялық металлургиялық аймақ б.з.д. II мыңжылдықтың басында қалыптасты. Дәл сол кезде тұрғындардың ірі топтарының батыстан шығысқа және шығыстан батысқа қарай қоныс аударуы мен қозғалуы байқалды, дәл осы уақытта оның ішінде далалы Қазақстанда да бай кен орындары ашылды. Бұл кейінгі қола дәуіріне келген тау-кен металлургия белсенділігінің «жарылысы» болды.

Ежелгі кен ошақтары үш кен белдеулері аймағында анықталған: Жезқазған, Успенск-Спасск және Солтүстік-Балқаш маңы. Сонымен, Успенск-Спасск кен белдеуі ұзындығы 400 км-ден астам, ені 150-200 км-ге тең, онда бес басты орталық (Жезқазған, Кенқазған, Бозшакөл, Саяқ пен Коунрод, Успенск, Алтынтөбе) бөлінген және тек бір Қарағанды облысында ғана жүздеген мыс пен қалайы кендерінің басқа да ұсақ көне кен-әзірлемелерінің үлкен саны анықталды. Кен қазбаларының көлемі, мысалы, Кенқазған қаласында шамамен 800 мың тонна кенді құрады, бұл 30-50 мың тонна мыс балқытуды қамтамасыз етті. Жезқазған кеніштерінде кеннің қазба көлемі 1 миллион тонна болғандығы анықталды.

Кен денесінің орналасу жағдайы мен пішіні қазбаның түрін қамтамасыз етті. Сонымен карьерлері – кішкентай 4*3 метр, орташа 30*20 метр, үлкен 700*150 метр, тереңдігі 1-17 метр – жалпы санның 90%-ын құрады, содан кейін ұңғымалар жүрді, дегенмен барлық жерде, бірақ жалғыздан шахталар кездеседі.

Кен, әдеттегідей күшті жынысқа азды-көпті сеппеленген және монолиттерді үгіту, олардан минералдармен байытылған мыс кесектерін тесу үшін күш-жігер қажет болды. Кен өндіру әсіресе, мыс кенді желісі терең жер қыртысына кетіп, қазба шахтаға айналған кезде өте қиын болды. Шахталардың тереңдігі 30 немесе одан да кеп метрге жетуі мүмкін. Өкінішке орай, қазба жаппасының опырылуынан шахталарды соңына дейін зерттеу мүмкін емес. Шахталық пен көлбеу ұңғымалардағы өндіру шарттарын елестету үшін зерттеушілердің иелігіндегі мәліметтер де жеткілікті болып табылады. Саңылау тәрізді тар жол, тар кенжар, онда кенші кішкентай шамның көмескі жарығымен еңбектеп және жанымен жүре отырып, сеппе рудасы бар қатты жыныстың кесектерін тас қайламен қопарды. Кейбір шахталар мен ұңғымалардағы жолдың тарлығы соншалықты онда тек жасөспірім ғана жұмыс істей алды. Мыс кенін шығару кезінде балалардың еңбегі пайдаланылғаны да жоққа шығарылмайды. Мұндай қайламен жұмыс істеу әдісі ХХ ғасырға дейін сақталғандығы белгілі — бір жұмысшы бір күн ішінде үш метрлік кенжардан 300 кг кен ендіре алды. Кенші сынған кесектерді былғары сөмкеге жинап (жанына тағылатын осындай сөмкелер үйіндінің астында табылған және Оралдағы Гумешев кеніші шахталарының біріндегі кенжарда 28 метр тереңдіктен жаншылған екі кенші, ал Алтайдағы Змеев кенішіндегі үйіндінің астында бір кенші табылды), содан кейін салмағы 40 кг-ға жуық сөмкені бәлкім, дәл сол кенші жоғарыға күніне бірнеше рет жеткізген. Мұндай жағдайлардағы жұмыстар Германияда «қисық құрылыс» деп аталды.

Жоғарыға шығатын және үстіңгі шым қабатынан тазартылған ашық карьерлердегі желілердi отпен қыздырып, су құйды. Нәтижесінде, монолитті тастақ жынысы уатылды. Жарықшақтарға тас сыналар қағып, тас кəсектерді босаңсытып, оларды сындырып, құрамындағы бай мыс кенінің кесектерін іріктеп алды. Мұндай «кенді құрғақ өңдеу» кенді байытудың тәсілі болды. Кеннің ең көп құрамы бар кесектер ылғалды байытылды, яғни кесектер ұсақталып, ағаш астау тәріздес науаларға тегілді, науаларды сумен толтырып, әрі-бері қатты тербеген. Мыс минералы бар ауыр кесектер түбіне түсіп, бос жыныстар жоғарыға шығатын. Осылайша сұрыпталған таза кен балқытуға дайын болды және межелі пункттерге тасымалданды. Кеннің ондаған кейде жүздеген километрлерге қандай тәсілмен жеткізілгендігін тек қана болжауға болады.

Мыс кенін балқыту әртүрлі құрылымдағы пештерде жүргізілді. Ең қарапайымы – диаметрі 0,5 метрге, тереңдігі 0,3-0,4 метрге дейінгі дөңгелек шұңқырлар, оның түбіне қарай сәл тарыла түсетін тік қабырғалары мен саз күмбезі бар. Аса күрделісі – екі камералы, ұзындығы шамамен 1 метр, ені 0,6-1 метр – бір камера ауа үрлегіш үлбірін орнатуға арналған орын, екіншісі балқыту, оттық қуысы болды. Үлбірлері ортасына орнатылған үш камералылар да бар, ал соңғы камералар отты балқытуға арналды. Содан кейін, үлкен диаметрі метрден асатын, тереңдігі 0,5 метрге дейінгі және кішкентай диаметрі метрден кем, ал тереңдігі метрден асқан сегізбөлік тәрізді пештер пайда болады. Олар ауыз-үрлегіш рөлін орындаған. Шахталық типті пештердің типологиялық қатарын аяқтайды. Атасу қонысында осындай оннан астам пеш зерттелді. Пештің отты шұңқырлары диаметрі 3,5 метр, тереңдігі 2 метрге дейін жетеді. Қабырғалар 10-20 см қалың саз қабатымен сыланған, оған 1-3 ауа үрлегіш арна-фурма шиыршықты науа түрінде салынған. Пештердің тақталармен жабылған ұзын мұржалары бар. Тас кəсектерден жасалған шұңқырлардың шетіне отбақырда (ыдыстарда) балқытуға арналған құрылымдар салынды. Мұндай пештер тас және балшық құйма қалыптарында бұйымдарды балқыту және құюдың барлық операцияларын кешенді жүргізуге арналған.

Қола бұйымдарын балқыту және дайындау процесінде сүйек және қыш шүмектер, қыш және тас отбақырлар, ожаулар, құю қалыптары, тегістелген тақталар, қайрау тастары, жұмыртқа тәрізді тас зергерлік балғалар қолданылды.

Шүмек – балшық не жануардың жілігінен жасалған цилиндрлік немесе конустық түтікше, ол пештің қабырғасы арқылы ауа беру үшін ауа өткізгіш үлбірдің құбыршегін балқыту камерасымен жалғайды. Қыш ожаулардың пішіні ұзартылған қасық тәрізді, тегіс түбі бар, балқытылған металды құйма қалпына құюға арналған.

Құю қалыптары тақтатастан, ұсақ түйіршікті құмнан және осы мақсаттарға сәйкес келетін тастан, кейде саздан жасалған. Қалыптар біржармалы және екіжармалы – негізгі жармада бұйымның негативі, кейде бірнеше негативтер, соның ішінде кері жағында да кесіп алынды. Екі жақты қалыптың төменгі негізгі бөлігінде жоғарғы жазық бөлікті қатты бекіту үшін шегелерге арналған шұңқырлар белгіленген. Қапталды бөлікте металл құю үшін науа түрінде құйма жасалды. Бір жақты қалыпта ожаумен металл үстінен құйылады. Қажетті бұйымдар — жебенің үштары, найзалар, пышақтар, шалғылар, қашаулар, кельттер, түйреуіштер, әшекейлер құйылды. Құйылған бұйымды алу үшін саз құйма қалыптар сындырылған, сондықтан да кейбір бөліктердің негативтері бар бөлшектер табылады, тас қалыптар бірнеше рет қолданылды. Құйылғаннан кейін бұйымдарда қалған қылаулар, металл қалдықтар, ақаулы даналар саналып, теспен соғу жолымен және тегістеу, жүздерін тас кесектермен және қажау шарықтарымен қайрау арқылы алынып тасталды. Бастапқыда мыс өнімдері қызыл, қола – алтын-сары түске ие болды. Уақыт өте келе бұйымдар бұзылудан сақтайтын, бірнеше микрон қалыңдықтағы қорғайтын табиғи зеңжармен жабылады, олар тұрақты тоттануға және тотығу кезінде бүлінуге ұшырайтын темірден сонысымен ерекшеленеді. Мыс және қола бұйымдар мыңжылдықпен, темір — жүзжылдықпен сақталатыны кездейсоқтық емес, сондықтан да мүсіндер темірден емес, қоладан құйылады.

Мыс өндіру үшін кеннің екі түрі – тотыққан (азурит, малахит, хризоколин, куприт, церуссит) және күкіртті (халькозин, ковеллин, халькопирит, беринит, брамантит) пайдаланылғанын атап өткен жөн. Бастапқыда тотыққан кендер қолданылды, олардан мыс алу технологиясы қарапайым және еңбек шығыны аз болды.

Ағаш көмірі мен ұсақталған кенді пешке қатарлап салып, ауаны мәжбүрлі үрлеуді қамтамасыз етті, флюстерді қосты, мысалы, жоса немесе әктас, кварц, олар балқытылған қара мыстан оңай бөлінетін тез балқитын және сұйық қоқысты алуға ықпал етеді. Ол кеннен мысты қалпына келтірудің соңғы нәтижесі ретінде саналды. Кейіннен тазартылмаған мыстан мыс өнімдері шығарылды. Қоланы алу үшін тазартылмаған мысты қалың қабырғалы саз ыдыстарда – отбақырларда қоспаны яғни, қалайыны қоса отырып балқытып, (басқа облыстарда коспа ретінде қорғасын, мышьяк, сүрме қолданылды) және алынған қоланы қажетті құралдардың, қарудың, зергерлік әшекейлердің негативтері бар құю қалыптарына ожаумен құйды. Тігіс жіптері (екіжармалы пішіндер) бар құйылған бұйымдар, ағын іздері, дөңестер мен шұңқырлы тереңдерді түпкілікті пішін мен тауарлық түр бере отырып төс тақталарында соғып, тас кесектермен және т.б. тегістеген.

Екі жүзді пышақтар, қанжарлар, жебелердің ұштары, сүңгілер мен найзалар, орақ-шалғылар, түйреуіш пен біз, балталар, қашаулар сияқты құймадағы металл, жартылай фабрикаттар, табиғи және балқытылған мыс пен қолдан жасалған дайын бұйымдар, мүмкін, әшекейлердің кейбір санаттары андронов қоғамдастығының ішінде және Батыс Сібір, Поволжье, Орта Азия тайпаларының арасында табиғи алмасу арқылы таралған. Кең мағынада андронов кеншілері мен металлургтері (алакөлдіктер, федоровтықтар, алексеевтіктер және тиісінше Орталық Қазақстанның атасулықтар, нұралықтар, Беғазы-Дәндібайлықтары) өмірлік қажетті табиғи тауарларды, ең алдымен, астық, мал және т.б. жетіспейтін өнімдерді, материалдар мен бұйымдарды толықтыра отырып алмасты. Үлкен сұранысқа ие қымбат металдың сауда алмасуы Сарыарқа тайпаларына жоғары өмір сүру деңгейін, халықтың өсуін қамтамасыз етті. Андроновтықтардың әйелдерде 33 және ерлер арасында 35 жасты құрайтын орташа өмір сүру ұзақтығының да көбейгені рас.

Қола құю саласындағы қол жеткен шеберлік деңгейінің көп ғасырлық тәжірибесі Орталық Қазақстан таллургтеріне жаңа металл – темір өндірісін игеруге мүмкіндік берді. Олар Еуразия даласында алғашқылардың бірі болып Қазақстанның тарихнамасында айтылғандай б.з.д. VIII-VII ғасырда емес, б.з.д. II-I мыңжылдықтағы кейінгі қола дәуірінде, қожтемірді «балқытуды» бастады, бұл туралы Алат қонысындағыҚарМУ археологиялық экспедициясының қазба жұмыстары дәлелдейді.

Үш мың жыл бұрын темір өндірісін игерген металлургтер тобының бірі Алат қонысында тұрған. Қоныс Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 км Кент таулы-орманды алқабында, Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Қызылкеніш тау өзенінің сол жағалауындағы жайылма үсті террасасында тау жотасының етегінде орналасқан. Террасаның бойында ондаған тұрғын үй қазаншұңқыры тіркелді. Қоныстың шығыс шетінде өндірістік металлургиялық алаң орналасқан, 2004-2007 жылдары оның 666 м2 ашылды. Стратиграфиялық, яғни қабаттардың кезектесуі және біреуінен басқа нысандарға (шаруашылық шұңқырларға) қатпарлануы бойынша екі құрылыс қабаты, іс жүзінде екі алаң бөлінді. Жоғарғы алаң темір мен жартылай қола (мәдени қабаты - 0,4-0,45 метр деңгейіне дейін) және төменгі алаң – қола құю өндірісі үшін (мәдени қабаты - 0,45-1 метр деңгейінде) арналған. Алаңдар жүйелі түрде қызмет етті – төменгісі-ерте және жоғарғысы кейінгі, бірақ кейінгі қола дәуірінің хронологиялық шеңберінде б.з.д. ІІ-I мыңжылдықта, шамамен б.з.д. XII-VIII ғғ.

Төменгі қабатта (аланда) қола құйма пешінің қалдықтары, 2 ошақ, 12 шаруашылық, 13 бағаналық шұңқырлар, қазбаның батысында 5 арық және шығыс бөлігіндегі тұрғын үй-шеберхана анықталды. Қола құйма пеші қатар орналасқан үш дөңгелек пішінді шұңқырмен ұсынылған – орта шұңқыр ауа үрлегіш үлбірін орнату үшін қызмет атқарды. Шыңдалған іздері бар шеткілері, мыс кенін балқыту жүргізілген пеш, оттық түрінде болды.

Құрылыстар кешені мен жоғарғы құрылыс қабатындағы табылымдар Орталық Қазақстан тайпаларының темір металлургиясы тарихында болжанып отырған және көптен күткен археологиялық ашылулар болып табылады. Темірден жасалған қару мен бұйымдардың алғашқы иегерлері сақтар деп есептелді, олар жерлеу орындарынан тіркелген аймақтың Тасмола мәдениетін жасаушылары. Бірақ олардың болу фактісі темірдің шығу тегі, оның Қазақстанда пайда болу орны мен уақытын анықтау мәселелерін шешкен жоқ.

Қазақстанда алғаш төрт темір балқытатын көрік, темір кені, күшті темір қождар, үш пеш, екі құрылыс, алты шаруашылық шұңқырлар, арнайы тас құралдардың жиынтығы табылған Алат металл өндіру алаңы Орталық Қазақстандағы темір тері өндірісінің айқын дәлелі болып саналады. Алаңның жұмыс істеу уақыты білікшелі қыш кешенімен анықталады – б.з.д. ІІ-I мыңжылдықтың шегі. Бұл ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің алдындағы кейінгі қола дәуірі. Үш мың жыл бұрын Алаттың металлург-қола құюшылары қожтемірді алудың дымқыл ауа үрлеу үрдісін игерді, ол қазіргі күнімізге дейін сапалы өзгертілген күйде жетті.

Темірді қазіргідей, домна пештерінде балқытпады, 11000-тан жоғары температурада темір рудасынан химиялық реакция арқылы оны қалпына келтіре отырып қайнатты. Ежелгі металлургтер темірдің 15390-та балқуының шектік нүктесіне жете алмады. Кен мен отынның бірізді қабаттарымен тиелген отты камерада қалпына келтірілген көрік, кішкентай шар түріндегі қалыпта төмен қарай сырғып, кеуекті қожданған массаға, қожтемір кесегіне «бірікті». Бірнеше килограмм салмағы бар қожтемірді көріктен алып, ол үшін соңғысы ішінара бөлшектеуге тура келді және ауыр тас балғалармен механикалық соғу арқылы қожтемірлі, пісірілетін темірге айналдырды. Ежелгі ұсталар мұндай темірден қажетті бұйымдарды соға алды.

Осы күнге дейін археологиялық нысандар ретінде жеткен Алат көріктері диаметрі 1,5-2,4 метр, тереңдігі 12-35 см болатын дөңгелек пеш табанды қазаншұңқырлар ретінде ұсынылған, шеттері гранит тақталармен мен 1-2 қабатты тастармен қапталған. Құрылымның міндетті элементі ретінде – тереңдігі 5 см-ге дейін, ұзындығы 1,5-3,9 метр болатын тік-сопақ пішінді траншея түріндегі ауа өткізгіш болды, оның жиегінің бойымен бірқатар тақтатас пен тастар теселген, оларға көлденең жабын тақталары қойылғандығы ықтимал. Кейбір құрылымдық бөлшектер №1 көрікте анықталды: оттық шұңқырының ішкі жағына салынған сегіз тастан жасалған шеңберлі қатар; оттықтың түбіндегі диаметрі 35 см, тереңдігі 10 см болатын тереңдету; сусымалы ұсақ тасты қабатта-тығырық жастығында салынған көрік қабырғасы негізінің тірегі ретінде қызмет ететін, тегістелген ұсақ тастардан жасалған жолақ: ұзындығы 1,5 метр, ені 15-30 см, тереңдігі 10 см болатын жартылай дөңгелек арықша; оттық шұңқыры жанындағы ауа өткізгіштің түбіндегі арықша. №1, 2 көріктер – 3-5 см қалыңдықта сыланған саз қабатында, негізінің қалыңдығы 0,3 – 0,4 метр шағылдық платформаға бекітілген арнайы дайындалған алаңдарда салынған.

Көрік, пеш түрі ретінде цилиндрлік бөшкелер тәрізді қалпына келтіріледі, биіктігі кемінде метр болатын, тақтатастан қаланған, күмбезді-шатыры, негізіне жеткізілген үстінен салынған мұржасы мен ауа өткізгіші бар. Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдыққа қарай дайын түрде енгізілген Орталық Қазақстан тайпаларының металлургиялық өндірісі б.з.д. II мыңжылдықтың екінші жартысында өзінің толық гүлденуіне жетті. Б.з.д. II-I мыңжылдықта темір өндірісі пайда болады, ол б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта қола дәуірі тасты ығыстырғаны секілді, ерте темір ғасыры дәуірінде қоланы ығыстырады. Техникалық базистің негізгі компонентін мыстан және қоладан жасалған қол еңбегі құралдары – бір және екі жүзді пышақтар, қанжарлар, жебелердің ұштары, сүңгілер, орақ тәрізді пластиналы пышақтар, орақ-шалғылар, шот, кельттер, балталар құрады, олар өндірістік-шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары – мал шаруашылығы және егіншілікті анықтайды. Балға, түйгіш, сыналар, үккіш-тақтатастар, төс тақтатасы, қайлалар, кен ұсақтау және үгіту тастары, құйма қалыптар, саз отбақыр мен ожау сияқты ерекше тас еңбек құралдары өндірістік-шаруашылық қызметтің тағы бір бағытын – тау-кен металлургиясын көрсетеді.

Кезбе бесаспап-ұста, кенші-металлург, металлург-ұста, ұста-құюшы маманданудың деңгейін көрсетті, олар отты кәсіптегі адамдардың құпиялы қауымына жататын, оларды не құрметтеді, не ұнатпады. Олардың алдында қорқыныш сезілді, өйткені олар от пен жердің құпиялы рухымен араласып, тастарды (кенді) металға айналдыра білді, ұсталар өз кезегінде шеберлігінің құпияларын шамалары жеткенше сақтай білді. Қола дәуіріндегі отты кәсіптегі адамдардың арқасында қазақстандық (азиаттық) далалардың металл бұйымдармен жарақталуы Еуропаға қарағанда бірнеше есе жоғары болды. Мәселен, металдан жасалған олжалар 6 есе, ал қоныстардан алынған олжалар 19 есе көп. Еңбек құралдарының саны бойынша Еуропа даласында бірінші орында орақтар, ал азиялықта – пышақтар, қанжарлар тұр.

Металға деген сұраныс еңбек құралдары мен қарудың тиімділігімен, олардың пайдалы әсер коэффициентімен болжанды. Яғни мыс балта тасқа қарағанда 3 есе, пышақ 6-7 есе, бұрғы — 22 есе тиімді болды. Қола бұйымдары туралы айтпағанда, мыс өнімдеріне деген сұраныс өседі, оларды жеткізу аумағы мыңдаған километрге ұлғаяды, айырбас саудасы жандандырылады, төлем құралы ретінде құнның баламалары, сауда керуен жолдарының желісі пайда болады. Металдар – мыс, қола, темір және олардан жасалған құралдар маңызды сауда эквиваленті, байлықтың тұрақты көздерінің бірі болып табылады. Тайпалық мамандану деңгейінің ықтималдығын ескере отырып, металлургтер тайпасы байыды, бұл металл бұйымдарын қолдану салдарынан еңбек өнімділігінің өсуімен өндіруші шаруашылықтың тиімділігін арттырды, неғұрлым жоғары өмір сүру деңгейін, өңір тұрғындары санының өсуін қамтамасыз етті.

Кейінгі қола дәуірінде аймақ тайпалары қала өркениетінің табалдырығына жақындай түсіп, көне қалалар ірі этнопoтестарлық бірлестіктер, қолөнершілер мен сауда орталықтары пайда бола бастайды. Бүгінде бұл ғылыми мәселе тек қазақстандық қана емес, шетелдік тарихшылар мен археологтарды да қызықтырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға