Жаңалықтар

Алапат өрт әлі басылмай тұр – Нұрлан Ұранхаев

Алапат өрт әлі басылмай тұр – Нұрлан Ұранхаев
Фото: Абай облысының әкімдігі 13.06.2023 07:36 789

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өртке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Өңір басшысының айтуынша, тілсіз жау әлі ауыздықталмай тұр. Алайда орман өртінен жақын маңдағы ауылдарға қауіп жоқ деп отыр.

Біріншіден, облыс территориясындағы алапат өрт әлі басылған жоқ. Өрт сөндірушілер арнайы техникаларды қолданып, тілсіз жаумен күндіз-түні күресіп жатыр. Жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ, бұл біздің бақылауымызда. Жақын елдімекендердің тұрғындарын эвакуацияладық, азаматтарымызға қажетті азық-түлік жеткілікті.

Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қажетті шараларды қолға алудамыз. Үкіметпен бірлесіп, өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына материалдық жағынан толық көмектесуді қамтамасыз етеміз, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға