Жаңалықтар

А.Бөрібаев: Міндетім – әлем алдында қазақ музыкасының ұлылығын таныту

«Шынында да, басқа өмірдің маған керегі жоқ»
А.Бөрібаев: Міндетім – әлем алдында қазақ музыкасының ұлылығын таныту
03.05.2017 17:44 6507

Алан Бөрібаев елімізді әлемге танытып жүрген әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы. Әлемнің бірнеше елдерінің ұлттық симфониялық оркестрін басқарған. Ахмет Жұбановтың шөбересінің өмірде мынандай ұстанымдары бар:

  • Қолға алған істе табысқа жеткен кезде, тағы да жаңа белестерді бағындырып, алға жаңа міндеттер қойғың келеді. 

  • Дирижер – оркестрлік құрамды ғана басқармайтын, сонымен қатар солистердің, хордың, сахнадағы драматургияның жандануына бірден-бір жауап беретін тұлға. 

  • Мен орындаушы ретінде өскенімізді, көрерменнің бізбен бірге өскенін қалаймын.

  • Дирижер мен оркестрлер орындап жатқан туындысын ерекше ықыласпен орындамаса, шығарма өлі болып шығады.

  • Күн сайын өте талантты композиторлармен пікір алмасамын, араласамын, мені қоршаған орта – тұнған классика, осы үшін де шүкірлік қыламын. 

  • Дирижерлік жалғыздыққа үйретеді, бірақ мені жалғыздықтан құтқаратын осы музыканың құдыреті. 

  • Дирижер орындап жатқан шығарманы шын жүрегімен сүйіп орындауы міндетті. 

  • Қазақстанда «Бізде мұндай театр барын білмеппіз!» деген пікірді жиі естимін.

  • Дирижер алдына келген оркестрді оқытатын мұғалім, ол музыкалық инструменттерді үйрететін маман емес. 

  • Дирижердің нұсқауымен оркестрлік құрам шығарманы бір-бірінен оза, не қалып кетпей бір уақытта ойнау да емес, орындаушылық құрам бар жан-тәнімен беріле отырып, шығарманы бенйелі жеткізе білуі керек, тыңдарманға қандай да бір ой салып жатса игі.

  • Менің міндетім – әлем алдында қазақ музыкасының ұлылығын таныту.

  • Мен әрбір концертті аса ыждаһаттылықпен күтемін, себебі бұл көрермендермен музыка арқылы тілдесудің тамаша жолы.

  • Қайда болсам да қазақ музыкаларын орындауға тырысамын, тіпті еуропалықтар біздің музыканы керемет қабылдайды.

  • Біздің мәдениетімізге қызығушылық танытып, жақсы пікір айтылып жатса, төбем көкке жетеді.

  • Лондон, Вена, Дания, Швецияда болғанда көзіме әкем, шешем, жалаң аяқ балалық кезім, туған жерім, атам, түседі. Менің тағдырым – Қазақстан, менің тандап алған еңбегім – скрипка аспабы, менің әулетім – Жұбанов.

  • Шынында да, басқа өмірдің маған керегі жоқ.

  • Менің мақсатым – Казақстанның музыкасын әлемге таныту, қазақ композиторларын жоғары ұстап, мені осы деңгейге жеткізген жусан даланың мерейін, данқын асырту.

  • Менің атам – Ахмет Жұбанов, әкем-шешем де – музыкаға алыс адам емес, сондықтан да мен де өз өмірімді музыкаға арнаймын.

  • Үнемі жол үстінде әрі концерттік тығыз кестемен жүргендіктен, ең үздік демалыс – отбасы ортасындағы демалыс. Тек үйде ғана жаным жай табады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға