Жаңалықтар

Алакөлге "Тальго" пойызы қатынайтын болады

Алакөлге "Тальго" пойызы қатынайтын болады
Фото: 7kun.kz 09.03.2023 10:33 938
Туристерге ыңғайлы болу үшін алғаш рет Алакөлге "Астана-Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
"Биыл Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағдар қатынайды. Алғаш рет "Астана-Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы жүреді", – деп хабарлайды "ҚТЖ" компаниясы.
Былтыр Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілген. Көбі еліміздің оңтүстік өңірінен барды – 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы, ШҚО-дан 52 мың адам тасымалданды.
 
2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп мәлімдеді компания.
Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі күшінде болады.
 
""Жолаушылар тасымалы" АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды қалыптастыру мәселесін қарастырады. Интермодальдық тасымалды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады", – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға